Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке тұлғалар салыққа қарызы бар-жоғын қайдан біле алады

Жеке тұлғалар салыққа қарызы бар-жоғын қайдан біле алады

Жеке тұлғаларда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына кіріп, салық берешегі бар не жоғын анықтау мүмкіндігі пайда болды.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz деген сайтында «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қызметі жұмыс жасайды. Жеке тұлға өзінің жеке сәйкестендіру нөмірінің көмегімен (ЖСН) онлайн режимде салық қарызының болуы немесе болмауы туралы қажетті ақпаратты ала алады. 
Ағымдағы жылдың соңына дейін өткен жылдардағы салықтардан негізгі қарыздары өтелген жағдайда, есептелген өсімпұлдар есептен шығарылады. Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуыңызға болады.
https://stan.kz
23 шілде 2019 ж. 876 0