Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ойланбай сөйлеп, артынан қатты өкінемін": Жазира Байырбекова пендешілікке салынатыны туралы

"Ойланбай сөйлеп, артынан қатты өкінемін": Жазира Байырбекова пендешілікке салынатыны туралы

Жазира Байырбекова серігінің жанында мінсіз болып көрінгенімен, өмірде өзі жеңе алмайтын әдеттері бар. Ол – ойын іркімей айта салып, артынша тілін тістеп қалуы

«Менде жаман әдет көп. Пенде болған соң болады. Ойланбай сөйлеп, артынан қатты өкінетін кездерім бар. Жанболат «Сен ойланбай тарс еткізе саласың» деп айтады. Мен ойымды жасыра алмаймын. Ойымда бар нәрсені айта саламын. Кейде адамдарды солай ренжітіп қоятынымды байқамаймын», - дейді Жазира Байырбекова. 
Десе де әнші жұрттың көңіліне қарайтынын айтады. Ол көбінесе не нәрсеге байланысты ренжітетінін жіпке тізді. 
«Мысалы, ашық-шашық киінетін қыздарға да сахнаның сыртында сын айтып қалып, кейін олардың көңіліне тиіп қалады екен. Оны өзім ұмытып кетемін. Сосын күйеуін жамандап отыратын қыздарға да сын айтып қалатыным бар. «Сен неге олай жасайсың? Ол жамандаған сайын жаман бола береді. Керісінше мақтасаң, соған лайық болуға тырысады» деп», - дейді әнші Жазира Байырбекова. 
Әнші әрдайым мұндайдан кейін тіл табысуға тырысатынын жасырмады.
30 шілде 2019 ж. 1 111 0