ТЕРІ НЕЛІКТЕН ТЕЗ ҚАРТАЯДЫ?

Балғын жемістерден жасалған шырындар әжім түспеуге көмектеседі. Ал бет терісі босаса Н дәрумені бар тағамдарды (жаңғақ, жұмыртқаның сарысы, бауыр, сүт) пайдаланған жөн.
Теріге түскен жарақат тез жазылмайтын болса, онда сіздің ағзаңызға ақуыз жетіспейді. Ақуыз балық, тауық және үндік еті, үй жағдайында дайындалған ірімшіктерде көп болады. Ол ағзадағы жасушаларды жаңартатын аминқышқылға бай келеді.
Дұрыс тамақтанбау, ішімдікті көп ішу, сондай-ақ психологиялық күйзеліс те терінің ерте қартаюының негізгі себебі болып табылады.