Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық шенеуніктерге импорт тауарларды алуға тиым салынады

Қазақстандық шенеуніктерге импорт тауарларды алуға тиым салынады

Министрліктер мен әкімдіктегілерге импорт тауарларды қолдануға рұқсат етілмейтін болды. Енді олар арнайы мемлекеттік тапсырыс сайты бойынша сауда-саттық жасайды. Үкіметтің қаулысымен бұл жоба көпшіліктің талқылауына қойылды.Рұқсат етілмеген заттардың тізіміне импорт спорт киімдері, суға түсуге арналған костюм, төсек жабдықтары, тіпті орамалдар кіргізілген. Сонымен қатар, туфли мен рәзіңке етіктерден бастап шетелдік аяқ киімдер де есепке алынған. Енді шенеуніктер бөлмелеріне қымбат итальялық стөлдер мен орындықтар сатып ала алмайды. Барлығы Қазақстанда жасалуы міндетті. Бұл шектеу екі жылға қойылған.Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин шенеуніктерге қымбат көлік алуға шектеу қойған. Олар тек Қазақстанда жасалған өнімдерді тұтына алатын болады.
01 тамыз 2019 ж. 773 0