Қазақстан халқының саны 18,5 млн адамға жетті

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда Қазақстанға қоныс аударғандар саны 11,3% азайған, ал елден кеткендер саны 16,9% артты. Елдің негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 82% және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 90,6% болды.
Елдің аумағында қоныс аударғандар саны 22,7% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық миграциясының оң сальдосы елдің төрт өңіріне келді. Олардың қатарында Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3 710), Алматы (13 650), Нұр-Сұлтан (14 104) қалалары бар.