Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде кәсіпкер ретінде тіркелу жүйесі оңтайланды

Елімізде кәсіпкер ретінде тіркелу жүйесі оңтайланды

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің қызметі басым бағыттарының бірі ретінде бизнес құруды оңайлату болып айқындалды. Осы міндетті іске асырудың тетігі уақыт талабына заңнамалық нормаларды сәйкес келтіруге негізделген.
Мәселен, 2013 жылдың басынан бастап шағын кәсіпкерлік сбъектілері үшін ерекше хабардар етуге өту арқылы заңды тұлғаны тіркеу рәсімінің шешімдік сипаты күшін жойды.
Қазіргі уақытта тіркеу «электрондық үкіметтің» веб-порталында бір сағаттың ішінде автоматты түрде жүгізіледі, оның дәлелі заңды тұлғаны тіркеу туралы электрондық анықтама болып табылады.
Тіркеу кезінде ұсынылатын тізбеден жарғы; заңды тұлғаның тұрған жері туралы құжат; құрылтайшы заңды тұлғаның салықтық берешегі жоқ екендігі туралы анықтама алып тасталды.
Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік жойылып, оны электрондық анықтама ауыстыратын болды, мүдделі субъект оған «электрондық үкіметтің» веб-порталында қол жеткізе алады.
Азаматтық заңнамаға енгізілген өзгерістер коммерциялық ұйым құруды оңайлатудың елеулі шартына айналды.
Мәселен, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны тіркеу үшін төленетін ақы алып тасталды. Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталында 1-ші сағатқа дейін электрондық тіркеу мерзімі қысқартылды.
Сонымен қатар, заңды тұлғаны электронды түрде мемлекеттік тіркеу кезінде банкте есеп-шот ашу және қызметкерлерді сақтандыру боынша шартқа отыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Жеке компаниялар үшін мөрдің болуы және тіркеу кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғылық капиталды қалыптастыру жөніндегі талап жойылды.
Осы айтылған жаңалық кәсіпкердің бизнесті бір сағат ішінде ашуына мүмкіндік береді.
https://kyzylorda-news.kz/news/kogam/30354-elmzde-kspker-retnde-trkelu-zhyes-otaylandy.html
06 қыркүйек 2019 ж. 928 0