Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бизнес ашу жұмысы жеңілдетілді

Қазақстанда бизнес ашу жұмысы жеңілдетілді

Еліміз дамыған отыз озық елдердің қатарына енуі үшін  Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту керектігі туралы жылдан жылға халыққа Елбасымыздың жолдаған Жолдауында айтылып келеді.  Заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері әрқашанда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың бір бөлігі ретінде саналған. Экономиканың дамыған жеке секторын қалыптастыру үшін қажетті қолайлы құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттің басты міндеттердің бірі болып табылады.
            Қазіргі уақытта заңды тұлғаларды тіркеу жөнінде заңнаманың жеңілдетумен қатар мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылдануда, оның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу де бар. бірқатар заңнамалық актілерін қабылдау арқасында өз бизнесіңді ашу рәсімі жеңілдетілді, шағын және орта  бизнес үшін жеңілдіктер белгіленген.
       "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі."
Бүгінгі таңда бұл қызметке екінші деңгейлі төрт банк «ForteBank», «Цеснабанк», «Халық Банкі» және«Альфа-Банк», сондай-ақ екі сақтандыру компаниясы - «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ және «Азия Life» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ қосылған. 
            Қазіргі уақытта қосымша 9 банк пен 4 сақтандыру компаниясын қосу жұмыстары жүргізілуде.
            Бұл өзгерістер мен толықтырулар елімізде кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға өз бизнесінашу  «Электрондық үкімет» веб-порталында  онлайн режимде ыңғайлы, тез оңай жеңілтетілген электронды қызмет көрсетулер болып табылады..
А.Мендыбаева,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі Арал аудандық әділет басқармасының жетекші маманы
23 мамыр 2018 ж. 878 0