Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның мемлекеттік қарызы 15 триллионнан асып кетті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 15 триллионнан асып кетті

  Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 млрд доллардан, яғни, 15 трлн теңгеден асып кетті. Бұл туралы Қаржы министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

  Қазақстанның мемлекеттік қарызы ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 15 трлн теңгені құрайды. Қазіргі теңгенің долларға қатысты бағамына сәйкес, мемлекет қарызы 40 млрд доллар.
Ведомствоның нақтыланған ақпараты бойынша 12 трлн теңге (31 млрд доллар) үкіметтік қарыз: ішкі-6,7 трлн теңге (17 млрд доллар), сыртқы-5,4 трлн теңге (14 млрд доллар). Қаржы министрлігінде үкіметтік қарыз республикалық бюджет қаражатынан өтелетінін атап өтті. Бүгінде Қазақстанға тек Грузия қарыз. Бұл сома 25,4 млн долларды құрап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың наурыз айында республиканың кумулятивті мемлекеттік қарызы 14,8 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға артық.
https://stan.kz/15-trillion-tengeden-astam-kazakstannin-memlekettik-karizi-ne-sebepti-osip-zhatir-316721/


02 қазан 2019 ж. 767 0