Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық қор шығындарының кірістерден артуы жалғасуда: айырмашылық 73 млрд теңгеге жетті

Ұлттық қор шығындарының кірістерден артуы жалғасуда: айырмашылық 73 млрд теңгеге жетті

Биылғы жылдың мамыр айының соңында Ұлттық қордағы қаржы 26 триллион теңгені құрап, бір айда 0,1 пайызға төмендеген,

2019 жылдың мамыр айының соңында ҚР Ұлттық қорындағы қаржы 26 трлн теңгені құрады. Аталған сома бір жылда 12,3 пайызға артқан. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде Ұлттық қор қаржысы 23,1 трлн теңгені құрап, бір жылда 1,1 пайызға артыпты.
Бұл орайда өткен аймен салыстырғанда, Ұлттық қор қаржысы 0,1 пайызға немесе 21,5 млрд теңгеге төмендеген. Оның төмендеуінің себебі – қор шығындарының кірістерден артуы. 
2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Ұлттық қор кірістері 1,5 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдағы дәл осы кезеңдегі сомадан 14,1 пайызға (1,3 трлн тг) көп. 
Биылғы жылдың 5 айында Ұлттық қордың барлық дерлік кірісі мұнай саласындағы кәсіпорындардың салықтарынан түскен. Оның кірістердің жалпы сомасындағы үлесі 98,1 пайыз немесе 1,4 трлн теңгені құрады. 
Өз кезегінде Ұлттық қор шығындары быр жылда 43,3 пайызға артып, 1,5 трлн теңгені құрап отыр. Биылғы жылдың 5 айында Ұлттық қор шығындары кірістерден 73,3 млрд теңгеге асып түскен.  
Қорды басқарумен және сыртқы жыл сайынғы аудиттерді жүргізуге байланысты шығындардың өтелуі 1,6 млрд теңгеге (бір жыл бұрын 11,6 млрд теңге болған) тең.
http://stan.kz
13 маусым 2019 ж. 824 0