Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқ-киім тар болса

Аяқ-киім тар болса

Жақында алған аяқ киім дүкенде шақ сияқты болып көрінгенімен, үйге келіп кигенде шамалы тарлау болып қалды ма? Бұндай әр қызда болған шығар. Жағдайды қалай түзесе болады?
Аяқ киімді дүкенге қайтарыңыз. Сатып алушы ретінде сіз көңіліңіз толмаған тауарды 14 күнде қайтаруға құқылысыз. Бірақ, аяқ киім далаға киілмеген болуы керек. Этикеткасы болған жағдайда, оны жұлмаған абзал. Қорап пен чекті міндетті түрде алып барыңыз. Жеке куәлік пен РНН-ді де сұрап жатады.  Аяқ киімді далаға киіп қойған соң, өзіңізде қалдыруға тура келсе, оны алыс сөреге салудың қажеті жоқ. Туфлиді аяғыңызға қарай кеңейтіп алсаңыз болады. Оның мынандай әдістері бар:
Мұздату. Екі берік полиэтиленді пакетке су құйып, аузын байлаймыз. Пакеттерді туфлидің ішіне, қысатын жеріне саламыз. Таңға дейін аяқ киімді мұздатқышқа саламыз. Дауаны бірнеше рет қайталаса болады. Қатқан су қысып тұрған жерлерді кеңейтеді. Туфли ішіндегі мұз ерімегенше шығармаңыз. 
Орау. Орамалды қатты сулап, жаңа аяқ киім жатқан қорапты орап тастаңыз. Түні бойына қалдырып, таңмен туфлиді киіп алыңыз. Сулы жерде жатқан туфлидің терісі жібіп, оны кеңейту оңай болады. 
Жылыту. Тағы да бір әдіс - жылумен әсер ету. Аяқ киімді фенмен әбден жылытып, ішіне арнайы аяқ киім кеңейтетін сұйықтық шашыңыз. Туфлиді қалың нәскидің үстінен киіп алыңыз. Бірнеше рет қайталаңыз. Дайындаған: Сания Аринова  

massaget.kz
22 наурыз 2018 ж. 4 255 0