Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық қызды 15 жасында жар еткен күйеуі опасыздық жасап, 5 баласымен тастап кеткен

Қазақстандық қызды 15 жасында жар еткен күйеуі опасыздық жасап, 5 баласымен тастап кеткен

Қарағанды облысының Қарабас ауылында 30 жастағы Гулчехра Сұлтанова есімді келншек жалғыз өзі 5 баласын асырап отыр, деп хабарлайды newtimes.kz. 

Өзбекстаннан келген Гульчехра Қазақстан азаматшасы. 15 жасында туыстары таныстырған азаматқа тұрмысқы шыққан. 17 жасында тұңғышын босанған.
«Бес балам бар. Үлкен қызым 12 жаста. Одан кейінгі 10, 8, 6 жаста, кенжем 1 жас 8 айлық. Әкем қайтыс болды. Анам бар. Әпкелерім Өзбекстанда тұрады. Күйеуіме тұрмысқа шыққанда мен 15-те, ол 27-де болатын», – дейді келіншек.
Айтуынша, бастапқыда жақсы тұрған. Күйеуі жұмыс істеп, киім мен азық-түлікке ақша беріп отырған.
Бесінші баласы өмірге келген соң Гүлчехраның айтуынша, күйеуі ішімдікке әуесеніп, тіпті көзіне шөп салған. Бала-шағасына қарайлауды қойған.
«Күйеуім мені тастап кетті. Онымен ажырастым», – дейді әйелі түңіле отырып.
Қуанышқа орай, бес баласымен тұрып жатқан үйі өз атында. Алайда ай сайынғы алатын 24 мың теңге жетпейді.
«Кез келген көмекке риза болар едік. Киім, азық-түлік, үйге жөндеу жұмыстары болса да. Үйім бар болғанымен, өте нашар күйде. Балаларым аш қалатын күндер болады. Күйеуімнің туыстары көмектесе алмайды. Өз жандарын әрең бағып отыр», – дейді келіншек.
«Жазда базарға шығып, сауда жасаймын. Көкөністер сатам», – деп алдағы жоспарын айтты.
Анасының айтуынша, балалары әкесін іздемейді.
«Соңғы рет әкесі үйіне мас күйінде келді. Өйткенше, әкесі болмай-ақ қойсын. Балаларға айқайлап, балағаттайды. Әкесімен балалары кездескісі келмейді», – дейді ол.

Stan.kz
10 мамыр 2018 ж. 3 868 0