Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұзақ жасаудың құпиялары

Ұзақ жасаудың құпиялары

Күріш қосылған тағамды көп жеңіз. Адамдарға олардың күткенінен көбірек беріңіз және оны жан жүрегіңізбен жасаңыз. 
Жаныңызға жаққан өлеңді жаттап алыңыз. 
Естігеннің бәріне сене бермеңіз, өзіңізде бардың бәрін жұмсай бермеңіз, шаршағанша ұйықтамаңыз. 
"Мен сізді сүйемін" дегенде, шын ойыңыз да солай болсын. 
"Өте өкініп тұрмын" деп айтқанда адамның көзіне қарап айтыңыз. 
Бір көргеннен сүюге сеніңіз. 
Көрген түсіңізді жоққа шығармаңыз. 
Сүю сезіміңіз терең болсын. Сізге ауыр тисе де, шыны сол - толыққанды өмір сүрудің жалғыз жолы осы. 
Күресіңіз әділетті болсын, қарсыластың шамына тимеңіз. 
Адамдарды туыстарына қарап бағаламаңыз. 
Тез ойлап тұрып, жай сөйлеңіз. 
Сіз жауап бергіңіз келмейтін сауал қойылса, күле қарап: "Мұны неге білгіңіз келіп тұр?" деп сұраңыз. 
Үлкен махаббат пен үлкен жетістіктер үлкен тәуекелді қажет етеді. 
Анаңызға қоңырау шалып тұрыңыз. Егер ол мүмкін болмаса, анаңызды есіңізге ала жүріңіз. 
Біреу түшкіргенде, саулығын тілеңіз. 
Жеңілсеңіз, содан үлгі алыңыз. 
Мына үш нәрсені ұмытпаңыз: Өзіңді құрметтеу, Өзгелерге құрметпен қарау, Өз ісіңе жауапкершілік. 
Үлкен достықты кішкене кикілжіңнің бұзуына жол бермеңіз. 
Қате жасап алғаныңызды түсінген кезде оны жөндеуге барынша тезірек кірісіңіз. 
Телефонмен сөйлескенде жымиып тұрыңыз, қоңырау шалушы оны сіздің даусыңыздан сезеді. 
Өзіңіз сөйлесуден жалықпайтын адаммен тұрмыс құрыңыз. Өйткені уақыт өте келе, сөйлесу басқа әдеттерден маңыздырақ болатын кез келеді. 
Баз бір кездерде жалғыздықта болуды да әдет етіңіз. 
Өзгерістерді қабылдай тұрып, өз құндылықтарыңыздан ауытқымаңыз. 
Кей-кейде үндемей қалудың өзі - жауап. 
Кітапты көбірек оқып, теледидарға азырақ қараңыз. 
Өміріңіз ізгі әрі әділ болсын. Сонда қартайған шағыңызда өткен күндерді еске түсіргеніңізде, өміріңізден қайтадан рахат алатын боласыз. 
Өз үйіңізде жақсы көңіл-күй болуы өте маңызды. 
Үйіңіз тыныш, әрі жайлы болуы үшін бар күшіңізді жұмсаңыз. 
Жақын-жуықтардың бірімен келіспей қалсаңыз, онымен тек өткінші мәселелерді ғана талқылаңыз. 
Өткенді қазбаламаңыз. 
Оқыған сөздердің астыртын мағынасына да үңіліңіз. 
Біліміңізбен бөлісіңіз. Бұл - мәңгілік жолы. 
Біздің ғаламшарымызға мейірлі болыңыз. 
Табиғи қалыпта болыңыз. Табиғаттың дыбысына құлақ түріңіз. 
Бұрын болмаған бір жерлерге жылына бір рет шығып тұруға тырысыңыз. 
Ақшаңыз көбейсе, қайырымдылық жасаңыз. Ол - тағдырдың сізге бұйыртатын ең жақсы сыйы. 
Кейде "жетістікке жете алмай қалудың" өзі - жетістік. 
Ережелерді байқалтпай бұзу үшін оларды есте мықтап сақтаңыз. 
Біреудің біреуге деген махаббаты бірге болу қажеттілігінен маңыздырақ, жақсы қарым-қатынас деген сол. 
Жетістіктің деңгейі сіз оған жету үшін қандай нәрселерден бас тартқаныңызбен де өлшенеді.

reactor.inform.kz
14 мамыр 2018 ж. 1 372 0