Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 12 маусым

Жұлдыз жорамал: 12 маусым



Тоқты

Бәрiнен бұрын сiздерде бүгінгі күн жақсы болады. Сiздi достарыңыз бас қосуға шақыруы мүмкiн. Ол жерде уақытыңызды көңiлдi әрi қызықты өткiзесiз. Жаңа адамдармен танысып, ортаңыз кеңейедi. Өмiрдегi жартыңызбен келiсе алмайтын жағдайда болсаңыз, ортақ достарыңыздың бiрiн ортаға салғаныңыз жөн. Ақылға қонарлық iстердi пайдаланыңыз, сонда сiздi мiндеттi түрде тыңдайды. Қызғануға мүмкiндiк бермеңiз.

Торпақ

Бүгін үй шаруасын ретке келтiрiңiз, бұрыннан ысырып қойып жүрген жұмыстарыңызды жасаңыз. Жанұяңыздың жұмысты тиянақты атқаратындығы қиындықтарды тез шешуге көмектеседi. Сонымен қатар денсаулығыңызды нығайтуға қолайлы уақыт. Суық тигiзiп алмауға, дұрыс тамақтануға тырысыңыз. Бұл ғаламтор арқылы «тiлдесуге» ыңғайлы кез емес. Сiз айналысатын маңызды жұмыстар қиялыңыздың қырсығынан құрдымға кетуi мүмкiн.

Егіздер

Бүгін бiрқатар егiздер өздерiнiң шығармашылық мүмкiндiктерiн көрсете бiледi. Студенттер, бұрын қиынға соғып жүрген бiлiмдi тез меңгереді.Жұлдыздар сiзге спорт жарыстарына, байқауларға және кез-келген викториналық ойындарға белсендi қатысуға кеңес бередi. Онда сiз өз дарыныңызды, мүмкiндiгiңiздi көрсете аласыз. Ғашық жандар қызықты сапарға баруы мүмкiн. Ғаламтор арқылы романтикалық танысу болуы мүмкiн. Күн басынан соңына дейiн сүйiктiңiзбен арада түсiнiспеушiлiктер болуы ықтимал. Оған жасымаңыз да саспаңыз. Тек сабырлы болыңыз, сонда бәрi орнына келедi.


Шаян

Күннің бiрiншi жартысында жанұяңыздың әрбiр мүшесiне, үй шаруасындағы мәселелерге көңiл бөлгенiңiз жөн. Бұрыннан атқарылмай, кейiнге шегерiлiп келе жатқан жұмыстар жиналып та қалған шығар. Сiздiң үйдегi шаруашылық-тұрмыстық мәселелердi шешуге қалауыңыз артады.Жақын туысқандарыңызбен немесе өз жарыңызбен кикiлжiңге келу жағдайы орын алуы мүмкiн. Тосын жағдайдың шығу себебi, сол баяғы – қызғаншақтық …


Арыстан

Арыстандар күннің басынан өздерiнiң ой-өрiсiн дамытып, сергiтiп, өз тiрлiктерiн шешiп қана қоймай, айналасындағы дос-жарандарына да кеңесiн бередi. Осы уақыт қиын сұрақтарға жауап беруге қолайлы кез. Сiзге шалынатын еш пайдасыз қоңырау саны азаяды. Кешке ұялы телефондарыңызды, ғаламторыңызды өшiрiп, жан рахатына бөленiңiз,жақсылап демалып, бойыңызды дұрыстап сергiткенiңiз жөн.

Бикеш

Бүгін бикештердiң еңбекке құлшынысы артады. Осы уақытта өзiңiздiң қаржыға қатысты көзқарасыңызды әбден ойланып, түйiндi, шешiлуi қиын сұрақтарға ден қойып, мойын бұрғаныңыз дұрыс. Жақсылап енбектенгенiңiз сiзге пайда әкеледi. Өз ойыңызды iске асырып, жұмысыңызды қалпына келтiргiңiз келедi. Өз күшiңiздi жақсы бiр тiрлiкте сынау үшiн қолайлы сәт.

Таразы

Бүгін өз сүйiктiңiзбен романтикалық кездесуде қиялға берiлесiз. Бұл кездесудiң бастапқы бөлiгiнде орын алады. Үйде дау-жанжал тууы мүмкiн. Өзiңiздi сабырлылыққа шақырып, отбасы мүшелерiнiң өтiнiшiне назар аударыңыз. Жанұяңыздың, сүйiктiңiздiң келiсiмiнсiз еш тiрлiк жасамағаныңыз абзал. Әйтпесе арты үлкен тағы да дауға апаруы мүмкiн.

Сарышаян

Туыстарыңыздың ескi суреттерiн қалпына келтiрiңiз. Бәлкiм осы күндерi өз жанұяңыз жайлы сiз бiлмейтiн құпия ашылар. Күннің екiншi жартысында өз жақыныңыздан жағымсыз хабар естуiңiз мүмкiн, ол хабардың сiздiң беделiңiзге зардабы тиедi. Сырыңызды беймәлiм немесе жете танымайтын адамдарға ашпауға тырысыңыз. Кешке серуендеуге бейтаныс адаммен бармағаныңыз дұрыс.

Мерген

Бүгін мергендерге таныстық аясын кеңейткенi және шақырған жерден қалмағаны дұрыс. Бәлкiм сiз қызықты адамдармен танысып, олардың көмегiн өз пайдаңызға асырасыз. Сiздiң кеңесiңiз достарыңызға қажет болуы мүмкiн. Олармен бiрге кейбiр қиын мәселелердi оп-оңай шешесiз. Сондай-ақ сабаққа көңiл бөлгенiңiз дұрыс. Ол сiздiң бiлiмiңiздi жетiлдiре түседi. Бұған сiздiң ақылды достарыңыз көмектеседi. Түсiнбеген сұрақтарыңызға дұрыс жауап алудан ұялмаңыз. Бiреуге қарыз бермеуге тырысыңыз және түнгi клубқа барудан бас тартыңыз.

Тауешкі

Тауешкiлер жұмыста жақсы жағынан көрiнедi. Бұл тұрмыстық мәселелердi шешуге қолайлы уақыт. Керектi жұмыспен айналысып және оған көңiл бөлiп, сiз өз беделiңiздi арттырасыз, көптеген жұмысты жасауға мүмкiндiгiңiз барлығын көрсетесiз. Ата-анаңызбен сөйлесуге де ыңғайлы сәт бұл. Өзiңiздi көбiрек жарнамалаудан қашыңыз. Жасы үлкен және тәжiрибелi адамдарды сыйлаңыз, қошеметтеңiз. Беделдi адамдармен жақсы қатынаста болмасаңыз, ешқандай тiрлiкте дұрыс шешiм таба алмайсыз.


Суқұйғыш

Күннің бiрiншi жартысында суқұйғыштарға бiлiмiн жетiлдiргенi жөн. Алдыңызға қиын тапсырмалар қойыңыз. Мүмкiн сiз ғаламтор арқылы қиын сұрақтарды шешуге көмектесетiн тәжiрибелi адамдармен танысарсыз. Ғаламтордағы жаңа қатынас жолдарын пайдаланғаныңыз жөн. Күннің екiншi жартысы шектен шығатын жағдайға толы болуы ғажап емес. Егер құпия махаббатыңыз болса, кездесудi кейiнге қалдырыңыз. Көпшiлiк ортада өзiңiздi дұрыс ұстауға тырысыңыз, өсек пен жел сөздiң белең алуына жол бермеңiз.


Балықтар

Бүгін балықтар ымырагершiлiк қасиетiн көрсетуге тырысады. Сiзге көмек сұрап келiп, тосын сұрақтар қоюы мүмкiн. Өмiрдiң көлеңкесiнде жүрген адамдарға бұл қолайлы кез. Олар осы оқиғаның өрши түсуiне тасада тұрып тамызық тастайды. Ештеңеге мән бермеңiз, сонда сiзге ешкiм кедергi жасай алмайды. Достарыңыздың ортасында жаңа адамдармен танысасыз. Жаңа танысқан адамға сенiмдiлiк танытып, бiрден сырыңызды ашпаңыз.

Дереккөзі: Reactor
12 маусым 2018 ж. 1 659 0