Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 15 маусым

Жұлдыз жорамал: 15 маусым



Тоқты

Сізде көптен күткен бір жаңалық болғалы тұр. Ол жаңалық сіздің өміріңізді өзгертуі де мүмкін. Сізге ойыңыздағы бір жан өз сезімін білдіреді. Сезіміне шынайылықпен жауап беріңіз. Махабббат айдынында шомыласыздар....

Торпақ.

Сіз бір көргенен ғашық болдыңыз. Сезіміңізді жасырмаңыз. Ашық айтыңыз бәрін. Ешқандай құпия сыр қалмасын. Бақыттың кілті өзіңіздің қолыңызда.

Егіздер.

Сұлусыз, әдемісіз. сізге бәрі қарайды. Қызығады. Сезімдерінде білдіретін жандар өте көп. Бірақ ақылмен шешіп, сабырлы болыңыз. Көп адамдардың сөзіне сене бермеңіз.Кері әсерлерін тигізуі де мүмкін.

Шаян.

Сіз бақыттысыз. Сүйгеніңізбен бірге боласыз. Иә сезіміңізді жасырмаңыз. Сізге ол адам ұнайма, ұялмаңыз. [????]  Мойындаңыз. Мүмкін ол адам сізді де жақсы көретін шығар. Тек өмірдің қиындығына екеулеп қана қарсы тұруға болады.


Арыстан

Арыстандардың өмірі қызыққа толы. Иә, рас айтамын жүрген жерлерінде тек күлкі менен мейірімділік қатар жүреді. Айналасындағы адамдардың бәріне сондай сүйкімді болып көрінеді. Ұнамды қылықтары өте көп. Осы жолыңыздан таймаңыз.

Бикеш.

Сізді бұрын бағаламаған адам қазір суретіңізге қарап қызығып, сүйсініп өзегі өртеніп отыр. Өкінгендер де бар. Қазір сізде ақшада, махаббатта, ең қымбат көлікте, басыңызда жеке үйіңізде бар. Бармақ тістеп қалғандар өте көп.Қызғаншақтардың көзінен абай болыңыз.....

Таразы

Сіздің жүрегіңіз өте мейірімді. Қиналған жанды аяп, көмек беруге тырасыз. Сіз өте көңілшек , ақкөңіл жансыз. Достарыңызға да көп көмектесесіз. Оларда сізді сыйлайды. Өмірдің өзі осы сыйластық емес пе, сізде осы жақсы қасиеттердің бәрі бар...

Сарышаян

Сарышаяндар болмайтын бос нәрсені жүректеріне тез қабылдайды. Тез жараланады себебі жүректері нәзік. Салмақтырақ болыңыз. Махаббатта жолыңыз болды. Сүйгеніңізбен біргесіз. Сізге тек бақытты болған жарасады

Мерген.

Бай болудың қыр сырын біліп алғансыз. Көп жетістіктерге де жеткенсіз. Қолда бардың қадірін біл деген. Көп шашылмаңыз. Мақтаншақтық сізге жат қылық. Қарапайым болыңыз, сонда достарыңызда көп болады. Сүйіктіңізде қасыңыздан табылады.

Тауешкі

Күніңіз сәтті басталады. Барлық істе жолыңыз болады. Ал кешкісін достарыңызбен отырыстарға барасыз. Жаңа адамдармен танысасыз. Жан -жағыңызға мұқият болыңыз, мүмкін болашақ жартыңызды тауып қаларсыз... ИӘ,ИӘ,ИӘ, рас айтамын ...

Суқұйғыш  

Сүйгеннің сүйіктісі болған қандай жақсы. Бақыттан басыңыз айналып жүр. Бағыңызды бағалаңыз. Құрметтеңіз, сыйлаңыз. Одан жаман болмайсыз. Сыйлы боласыз.

Балықтар.

 Күніңіз сәттілікке толыБүгінгі күн сізге несібесімен келді.Барлық істе жолыңыз болады.Ал кешкісін сүйіктіңізден тосын сый күтіңіз. Ол сізді қуантады. Сезімге толы әсерлі кеш болады.
reactor.inform.kz​​​
 
15 маусым 2018 ж. 2 714 0