Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1Тісіңіздің аппақ болғанын қалайсыз ба?

1Тісіңіздің аппақ болғанын қалайсыз ба?




Кез келген адамға жарасатын бірнәрсе бар. Ол – күлкі. Балаша жадырап, мәз болып жүргенге не жетсін?! Ал күлкінің әдемі болуы басқа әңгіме. Бұл жерде дауысқа қатысты айтылып тұрған жоқ. Бар болғаны кімге де болсын ақша қардай аппақ тістер ұнайтынын айтқымыз келеді. Тіс күнделікті жейтін тамақтың салдарынан сарғайып кетеді. Осыған орай, тісті үй жағдайында ағарту тәсілін ұсынуды жөн көрдік. 

1. Таза стақанға қайнап тұрған суды құямыз. 

2. Лимонды ортасынан кесеміз. 

3. Шай қасық сода салып, араластырамыз. 

4.Үстіне лимон шырынын тамызамыз. 

5. Жақсылып араластырып, қоспамен тісімізді 2-3 минут шаямыз. 

Осы рецептінің көмегімен тісті оңай ағартып, ақшаны үнемдеуге болады. 

Ал сіз тісіңізді қалай ағартасыз?
reactor.inform.kz​​​
29 маусым 2018 ж. 1 165 0