Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айына арналған жұлдыз жорамал

Тамыз айына арналған жұлдыз жорамал

Жаздың соңғы айы көптеген жұлдыз белгілері үшін драмалық өзгерістердің кезеңі болуы мүмкін. Өміріңізде орын алуы мүмкін өзгерістердің барлығы 2018 жылдың бірінші жартысында қабылданған шешімдерге байланысты болмақ.

Осыған орай, Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге барлық белгілерге арналған 2018 жылдың тамыз айының жұлдыз жорамалын ұсынады.
Венераның белсенділігімен бірнеше жұлдыз белгілерін көптеген махаббат хикаялары мен жаңа таныстық кездесулер күтіп тұр. Бұл айда тіпті, ондаған жылдар бойы бірге өмір сүріп келген жұптардың да көздерінде махаббат ұшқыны жалындап, сүйіктілерін қуанту үшін бәріне дайын болады.
Тоқты
Бұл айда сіздің қоршаған ортаңызда жағымды эмоциялар мен қуанышты сәттер көп болады деп күтілуде. Жақсы көңіл-күйді сақтай отырып, болып жатқан оқиғаларды оң қабылдауға тырысыңыз. Сонымен бірге, жақын адамдарыңызбен қарым-қатынаста абай болыңыз. Қазір белсенді бастамағаны қолға алатын уақыт емес, бірақ мақсатқа жеткізетін мүмкінді жіберіп алмаңыз. Жоспарыңызды жүзеге асыруға деген мақсатыңызды берік ұстанып, қызығуышылығызды жарты жолда тастап кетуші болмаңыз.
Тамыз айының басында өзіңізге пайдалы жаңа істі ашудың көп мүмкіндігі туып тұр. Сондай-ақ, жұлдызнама ешқайда асықпай, көпжылдық қарым-қатынасты бұзушы болмаңыз деген кеңес береді.
Бірақ, табандылық пен қатаң айтылған сөздер қалаған нәтижеңізге қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін. Тамыз айында – адалдық пен әдептілік және мейірімділік сіздің ұраныңыз болмақ. Сіз күш-жігері мықты, белсенді және зерек жансыз. Сол үшін сіздің қатысуыңызсыз-ақ жақсы жасалған нәрсені өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
Торпақ
Осы айда торпақтарға біржолға қабылданған қағидалардан шығуға жақсы мүмкіндік туып тұр. Қазіргі уақытта көптен күткен сәттілік жалғызбасты торпақтардың есігін қағуда. Жайбасарлық немесе ұнамайтын қағидалар арқылы өзгеруге деген моральдық ұмтылыстарды ақтап әуре болмаңыз. Сіз әрқашан жаңа әсер алғанды жақсы көресіз. Бірақ, сіз мақсатқа тікелей жетудің орнына бұрыштан тыныш қана қарап, сығалап тұруды қалайсыз.
Шамадан тыс сақ болуды ұстанып, тағдырға қарсы әрекет етуден бұрын айналаңызда болып жатқан оқиғаларды сырт айналып өткенді қалайсыз. Сіз үнемі аспанда қалықтаған қыран құстан, қолыңдағы шымшық артық деген қағиданы ұстанасыз. Ал, бұл толық өмір сүруге және адамның қарым-қатынасының прогрессивті артықшылықтарын пайдалануға кедергі келтіреді.
Егіздер
2018 жылдың тамыз айы бұл белгінің өкілдері үшін тыныш болмақ. Сізге ешқайда асығудың қажеті жоқ, сондықтан сіз жеке өміріңізде де, мансаптық тұрғыдан да артық күш жұмсамайсыз. Сіздің ақыл-парасатыңыздың айқын болмайтынын ескере отырып, егіздердің айналасындағы адамдарға оңай болмайтынын айта кету керек. Себебі олар, сізге сенім арту қажет пе, жоқ па білмейді.
Тамыздың бірінші онкүндігінде егіздерде кейбір құпия немесе үлкен басқатырғыштар пайда болуы мүмкін. Ал,ол әрине бәрінің қызығушылығын тудырады, себебі оның жауабын ешкім біле бермейді.
Екінші онк.ндікте бұл белгінің өкілдері рахаттанып демалады. Өйткені, олар сол уақытта жұмысқа алаңдап, маңызды шешімдерді қабылдауға күш жұмсамайды. Егер егіздердің сүйіктісі болса, онда айдың үшінші онкүндігінде оған ерекше назар аударып, барынша жылу мен қамқорлық көрсеткендері жөн.
Шаян
Тамыз айы шаяндар үшін босаңсып, демалатын жайбарақат кезең болмақ. Жаныңызды жеген дүниедегі барлық қиындықтар артта қалып, сізде философиялық ойлар мен болашаққа жоспар құру үшін бос уақыт болады. Бірақ, тамыз айының тыныш өтетініне қарамастан, бұл бәрін шетке ысырып, тоқтап тұратын уақыт емес, әсіресе жеке өмірге қатысты.
Шаяндарда бақытты сәттерді өз қолынан жасайтын кезең пайда болады. Меркурийдің әсерімен бұл белгінің адамдарынан тартымды әсер бөлінбек. Сондықтан ер адамдардың сізге деген ерекше ықыласының ауғанына таңғалмаңыз. Осы кезеңді таныс-тамырлардың санын көбейтіп, қызықты таныстық үшін қолдансаңыз болады.
Бірақ шаяндар бәрінің өз ретімен өткенін қалап, жай ғана бақылаушы болуға шешім қабылдайтын болса, онда отбасылық немесе жеке қарым-қатынастарда түбегейлі өзгерістер болмайды.
Арыстан
Арыстандарды 2018 жылдың тамыз айыында өте көп іс-шара күтіп тұр. Бұл белгінің өкілдері айналасында өтіп жатқан барлық қөңілді шаралардан шетте қалмақ емес.
Оларға ағымдағы жұмыс пен қиындықтардан аз уақыт болсын демалуға ұсыныс беріледі. Бірақ, арыстандардың өздері қызықты оқиғалар мен ойын-сауықты іздеп, адреналин мен жаңа нәрсені сезінуге ұмтылып тұрады. Осы кезеңде алдын ала қызметтік демалыс пен демалыс күндерін жоспарлауда ешқандай мағына болмайды. Барлығы өздігінен және жоспарсыз болады.
Айдың бірінші жартысында айналаңыздағылар сізге осынша күш пен энергия қайдан келген деп таңғалады. Бұндай факторлар осы кезеңде нақты емес биіктіктерге қол жеткізе алатын жұмысқа да әсер етеді. Сондықтан, тағдырдың осындай сыйын ойын-сауық үшін емес, жұмыста оңтайлы пайдаланыңыз.
Айдың екінші жартысы өз еңбегіңіздің жемісін жейтін уақыт. Арыстандар тек, өз эмоцияларын бақылап, білетін нәрсесін сыртқа жария қыла бермеуді үйренулері керек. Сондай-ақ, арыстандарға өзінің тепе-теңдігін сақтау үшін сүйкітілерін тыңдауға кеңес беріледі.
Бикеш
2018 жылдың тамыз айында бикештер шаршап, бәріне қол сілтеп, кетіп қалғысы келеді. Жұмыста да босаңсып, ештеңеге зауқы болмауы мүмкін. Бірақ, мұндай көңіл-күй айтарлықтай қиындықтарға әкелмейді, өйткені сәттілік бүкіл ай бойы сізбен бірге болмақ. Бикештер тіпті, қиын мәселелерді шешуге де бас қатырмайды, барлық іс өз ретімен шешіледі.
Айдың бірінші жартысы ең табысты кезең болады деп күтулуде. Табыс пен сәттілік сізді өмірдің барлық салаларында, оның ішінде жеке өміріңізде қуантады. Сонымен қатар, бикештер бірнеше жыл араласпай кеткен ескі досын кездестіріп қалуы әбден мүмкін. Енді сізге барлық мәселенің бетін ашып, онымен жақсылап сөйлесуге мүмкіндік туып тұр.
Бірақ, жұлдыздар өткенге оралып, ол адамға және жаңа кездесуге ерекше көңіл аудармауға кеңес береді. Тіпті ескі сезімдерді қайта жандандырудың да қажеті жоқ. Сізге ол адаммен еш өкінішсіз, ренішсіз айырылысқан жөн.
Айдың екінші жартысында өзіңді қолға алу керек. Бикештерге біртіндеп өмір сүрудің әдеттегі ырғағына оралу қажет. Сондай-ақ музыка тыңдап, кітап оқып, басқалармен қарым-қатынасқа түсіп, ойын-сауыққа барып өзіңізге көңіл бөліңіз.
Таразы
Бұл белгінің өкілдері үшін тамыз айында барлығы жоспарланғандай өз ретімен жүреді. Тыныш орта біртіндеп қиындықтарды шешуге көмексетеді. Дегенмен, жарқын сәттер де болады.
Таразылар тамыз айында жұмысқа қызу кірісіп, басшылықтың көзіне жақсы қырынан көрінуі  мүмкін. Бірақ, мұнымен мақтанудың қажеті жоқ, өйткені ұжым осындай әрекеттерді мақұлдамай, екі арада келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Соның өзінде мансабыңыз алға өрлеп, өткен айдың жоспарлары орындалады.
Айдың соңында жалғызбасты таразылар біреуге уақыт бөлуді қалайды. Бірақ, олардың ықыласы некеде тұрғандарға аууы мүмкін.
Сарышаян
Сарышаяндар тамыз айында не істейтіндерін жақсы біледі. Олар алдағы болуы керек өзгерістер жоспарын бұрыннан бері жасап қойған. Тек оны жүзеге асыру ғана қалды, бірақ айналадағы адамдар оның орындалуына кедергі келтіруі мүмкін.
Осы ай қаржыға қатысты істерде ауқымды табыстар үшін қолайлы деп болжануда. Алайда, алғашқы ай толудан кейін Венера планетасы жеке өмірге назар аудартуға тырысады.
Ал, сүйіктіңізбен қарым-қатынас эмоционалды және күтпеген болуы мүмкін. Сондай-ақ, жұмысқа да назар аудару керек, содан кейін махаббат майданындағы қиындықтар өз бетінше өтеді.
Алайда, айдың жоғары белсенділігі жүйке жүйесіндегі тұрақсыздықты тудырады, сондықтан жақын адамдарыңызбен сөзге келіп қалмаңыз. Егер жанжал орын алған болса, онда жоғарыда айтылғандардың бәрімен келісіп, өзіңіздің әдісіңізбен әрекет ете беріңіз. Ең бастысы, өзіңізге және күшіңізге сенімді болыңыз.
Мерген
2018 жылдың тамыз айы мергендер үшін өзін-өзі тануға арналған жақсы уақыт. Олар осы мәселемен мұқият айналыса отырып, өзекті мәселелерді шеше алады.
Тамызда бұл белгінің өкілдері ең бастысы тез және шешуші әрекет ету керек. Мергендерге өткеннің бәрі артта қалғанын түсінетін уақыт келді. Сіз, енді онда бір нәрсені өзгертіп, алмастыра алмайсыз. Мергендерге ағымдағы жұмыспен айналысып, өмірді жақсартуға тиімді уақыт туды.
Бұл кезең күнделікті өмірді ұйымдастырып, жұмыс сәттерін жоспарлап, жаңа жобаларды дамыту үшін өте қолайлы. Жұлдыздардың ұстанымы жаңа бастамалар үшін де қолайлы болмақ. Мұнда сіз ешқандай кедергілер мен бәсекелестікке ұшырамайсыз, бәрі сіздің қолыңызда болады. Қазір сіздің армандарыңыз бен тілектеріңізді жүзеге асырудың оңтайлы сәті туып тұр.
Сондай-ақ, мергендерге өзін-өзі дамыту және оқыту мәселелерімен айналысу артық етпейді.
Тауешкі
Тамыз айында тауешкілерді жақсы көңіл-күй мен қарым-қатынас, танысу және күнделікті өмірден демалу мүмкіндігі күтіп тұр. Өзгелердің мәселелеріне назар аудармаңыз, сонда ғана өміріңді жақсы арнаға өзгерте аласыз.
2018 жылдың тамызында тауешкілер шабыт пен ерекше энергияның толқынына ие болмақ. Бұл жағдай жеке өміріңізді қалыпқа келтіріп, жұмыс саласындағы жағымды өзгерістер мен қаржы ресурстарында айтарлықтай табысқа кенелуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, тауешкілер тамыз айы бойы қызық пен әртүрлілікті іздеуде болады. Дегенмен, жаңашылдықты іздестіруде, олар өздерінің энергиясын керексіз нәрсеге құры жұмсауы мүмкін.
Жұлдыздар тауешкілерге өз уақытын үнемді пайдалануға кеңес береді. Сондай-ақ, бөтен адамдар арасындағы қақтығыстардың шешілуіне қатыспауға тырысыңыз. Есіңізде болсын, әркім өз мәселесін өзі шешуге және оған өзі жауап беруге тиісті. Ақыр соңында, өзіңіздің кінәлі етіп шығатын жанжалдарға араласпаңыз.
Суқұйғыш
Жаздың соңғы айы суқұйғыштарға бейбітшілік, жайлылық пен тыныштық әкеледі. Тамыз айы бұл белгілер үшін қолайлы ортада өтеді. Сізге өткен-кеткен мәселелерден демалатын келді. Жұмыстағы атмосфера да демалыс уақытына сәйкес келеді. Бұл белгінің өкілдері тамыз айында ештеңеге араласпай, жай ғана демалуды қалайды. Бұл арманның орындалуына да ерекше кедергі болмайды. Олардың көңіл-күйі жақсы болса да, бірақ жұмыс істеуге деген құлшынысы болмайды.
Осыған байланысты, жұлдыздар суқұйғыштарға осы кезеңде маңызды мәселелер мен ірі жобалар және жаңа бастамалармен айналыспауға  кеңес береді. Өйткені, сіздің жұмыс істеуге деген ынтаңыздың жоқтығы болашақта үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Жұмыс орныңызды тәртіпке келтіріп, жұмыстағы немесе үйдегі заттарыңыздың орнын ауыстырып, өзгеріс енгізсеңіз жақсы болмақ. Өзіңізге қуаныш сыйлайтын өзгерістер жасаңыз.
Балықтар
Балықтарға өзгерістердің уақыты келді. Тамыз айында сізді жаңа өмір күтіп тұр. Ең бастысы, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Балықтарға осы айда орын алатын өзгерістерден қорықпаған жөн. Бұл белігінің өкілдеріне өздерінің өмірлік құндылықтары мен басымдықтарын ой елегінен өткізуге тура келеді.
Осы айда олар бұған дейін қорқып келген және өз өмірлерінде бұрын-соңды жасамаған нәрсені өзгертуге тырысады. Осы мәселелерде жұлдыздар сіздің жағыңызда болады және сіздің әр бастамаңыз керемет табысқа әкеледі. Алайда, өткен өмірді өзгертемін деп тырыспайыз, одан ешқандай жақсылық келмейді.
Тамызда қоғамдық істерден және басқа адамдардың мүдделерінен алыс жүре тұрған жөн. Ең алдымен, өзіңізді, өз қалауыңыз бен қажеттіліктеріңіз туралы ойланыңыз. Айдың бірінші жартысында балықтардың өмірі тыныш және селқос өтеді. Себебі, сіз өз міндеттеріңізден босатуы мүмкін. Бірақ, сізді жаңа таныстар мен жағымды қарым-қатынас күтіп тұр.
Тіпті, сіз не болып жатқанын сезіне бастасаңыз да, көңіл-күйіңізді түсіріп, қазіргі жағдайды бұзбаңыз. Жай ғана демалып, тыныштық пен бақытта рахаттаныңыз!

stan.kz
01 тамыз 2018 ж. 4 028 0