Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түс жору: Бүгін қандай түс көрдіңіз?

Түс жору: Бүгін қандай түс көрдіңіз?

Кез келген адам түс көреді. Оянып кеткенде түсінің жаман не жақсы екенін адам өзі сезеді. Сонда да түс жорудың көмегіне жүгініп, жақсылықтан үміт етеді. Ендеше "Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті" кітабынан алынған мәліметтерді ұсынамыз. 



Түсінде түйе қуса, жамандыққа жолығады. 

Түсінде балық көрсе, перзентті болады. 

Түсінде ит қапса, пәле-жалаға ұшырайды. 

Түсінде қол жуса, жайсыз жағдайдан құтылады. 

Түсінде тамақ ішкен дәулетке қолы жетеді. 

Түсінде қасқыр көрсе, дұшпаны көбейеді. 

Түсінде ешкі көрсе, ренішке жолығады. 

Түсінде жүзім жесе, бағы жанады, ісі оңғарылады. 

Түсінде қауын жесе, досы байиды. 

Түсінде ит қапса, шығынға батады. 

Түсінде алма жесе, тілегіне жетеді. 

Түсінде жақсы көрген адамды сүйсе, бақытты болады. 

Түсінде ара көрсе, пайда табады. 

Түсінде жылан қуса, әйелдердің арбауына ұшырайды, басы пәлеге қалады. 

Түсінде көк түсті киім кисе, барлық мұратына жетеді, абыройы көтеріледі. 

Түсінде басына құс қонса, жақсы қызметке тұрады. 

Түсінде арық атқа мініп жүрсе, жағдайы нашарлайды, шаруасы кейін кетеді. 

Түсінде тары көрсе, тілегіне жетеді. 

Түсінде қайыққа мінсе, жолға шығады. 

Түсінде сақалы ағарса, ауруға ұшырайды. 

Түсінде батпаққа батқан қиындыққа ұшырайды. 

Түсінде пышақ қайраса, қауіп-қатер болады. 

Түсінде базар көрсе, ұятқа батады. 

Түсінде нан жеп жүрсе, кіріс келеді. 

Түсінде әйел қарбыз жесе, екіқабат болады. 

Түсінде шам жақса, жаңалық болады. 

Түсінде жылқы сатып алса, жаңа хабар келеді. 

Түсінде сары май көрсе, сары уайымға жолығады. 

Түсінде ошақ көрсе, үйге береке кіреді.
reactor.inform​​​
24 тамыз 2018 ж. 7 462 0