Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Ащы бұрыштың пайдасы мен зияны

​Ащы бұрыштың пайдасы мен зияны



Қызыл бұрыштың құрамында ерекше капсаицин атты зат бар. Ол жүйке талшықтары дертін емдеуде жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар мамандар артрит, псориаз, невропат ауруларында да бұл заттың тигізер пайдасы бар дейді.

Бұрыштың құрамындағы капсаицин асқазан секреция қызметінің жақсы жұмыс істеуіне ықпал жасап, нәтижесінде асқорытуды жақсартады. Алайда халық арасында ащы қызыл бұрыш асқазан жарасына жол береді деген түсінік қалыптасқан. Ал мұны соңғы зерттеулер жоққа шығарып отыр. Керісінше капсаицин асқазанда пайда болатын өзге де көптеген дертке шипа болады екен.

Қызыл бұрышты мөлшерден артық көп жеуге болмайды. Оны жиі асқа қосудың да зияны бар. Мәселен, мынадай жағдайларда ащы қызыл бұрышты жеуге тыйым салынады. 

1. Асқазанда жарасы бар немесе асқазан, ішек-қарын жолдарына ота жасалғаннан кейін қызыл бұрышты пайдаланбайды;

2. Шектен тыс пайдалану асқазандағы тамақтың қорытылуын нашарлатады немесе қыжыл пайда болады;

3. Мөлшерінен тыс пайдалану адамдардың қатерлі дертпен ауруға бейімділігін арттырады; 

4. Қант диабеті мен бауыр ауырғанда да жеуге тыйым салынады;

5. Асқазанда қышқыл жоғары болғанда ащы көкөністі жемейді.

Дәрумендер – адам ағзасы үшін құрылыс материалдары секілді. Оның жетімсіздігінен ағзада ауру түрлері ушыға бастайды. Ащы бұрыштың құрамындағы С дәрумені көктем мен күзде ағза үшін өте пайдалы. Жылдың осы екі мезгілінде ағзадағы вирус пен бактериялармен күресуде жақсы көмекші. Сонымен қатар шлактарды шығарады, әрі қан тамырларының жақтауын нығайтады. В дәрумені болса жүйке жүйесін бекемдеп, көздің көруін жақсартады, әрі шаршауын басады. Ал оның құрамындағы А дәрумені аллергия мазалайтын жандар үшін таптырмас ем. Қызыл бұрыш арқылы адам ағзасы Е дәруменімен толыққанда, ол қартаю процесін тежейді және әйелдерде климакс кезінде пайдасы керемет. Мұнан өзге ащы бұрыштың мынадай ауруларға шипасы бар:

1. Бұрыштың ащылығы көңілді көтереді. Жүрек қантамыр дертінің алдын алады;

2. Ұйқысыздық кезінде де зерттеу барысында көмектесетінін байқаған;

3. Тәбетті ашады;

4. Физикалық және ақыл-ой тұрғысынан жұмыс істеу қабілетін арттырады;

5. Тұмау және респираторлық дерт кезінде шипасы бар;

6. Жөтелгенде, бронхиттің асқынған түрінде ащы қызыл бұрыш жабыстырғышын (перцового пластырь) емге пайдалануға болады. Оны екі жауырынның ортасы, бел омыртқадан жоғары жабыстырады. Мұны жасағанда орны аздап қызаруы мүмкін. Емдік шара кезінде суықтан абай болған жөн;

7. Ішектерге үлкен көлемде бактериялар түседі. Оны жоюдағы қызыл бұрыштың қызметі ерекше;

8. Шаштың өсуіне көмектеседі.
reactor.inform.​​​
11 қыркүйек 2018 ж. 2 184 0