Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар қысымды түсіріп ұзақ өмір сүрудің әдісін айтты

Ғалымдар қысымды түсіріп ұзақ өмір сүрудің әдісін айтты

Солтүстік Каролинадағы Чапел-Хилл университетінің мамандары 16 апта ішінде жоғары қысымды түсіретін дәріге деген мұқтаждықты төмендетуге болатынын айтты. Сонымен қатар инфаркт пен инсульттің алдын алып, ұзақ өмір сүруге болатынын жеткізді.

Зерттеуге семіздікпен және артық салмақпен зардап шегетін 129 ер мен әйел қатысты. Қатысушылар 40-80 жас аралығында. Олардың қан қысымы 130-160/80-90 мм аралығында  жоғары болды. Тестілеу кезінде дәрі ішкен жоқ. Тек жарысы ғана антигипертензиялық дәрілер қабылдады.
Қатысушылар үш топқа бөлінді. Біріпші топтағылар өмір салтын өзгертіп, көкөніс, жемістер, сүтті тағамдар жеді. Қызыл ет пен көмірсуларды азайтты. Жаттығу жасап, салмағын бақылауда ұстады. Екінші топтағылар дұрыс диета ұстанды. Үшінші топтағылар өмір салтын өзгерткен жоқ.
Зерттеу нәтижесінде бірінші топтағылардың айтарлықтай салмақ тастағаны, қан қысымы 16/10 мм-ге түскені анықталды. Екінші топтағылардың қан қысымы 11/8, үшінші топтағылардың 3/4 мм-ге ғана түскені байқалды. Бірінші топтағылардың 15 пайызы, екінші топта 23 пайызы дәріге мұқтаж болды. Үшінші топта ешқандай өзгеріс байқалған жоқ.
Stan.kz
11 қыркүйек 2018 ж. 1 380 0