Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіз қалай ғашық боласыз? Зодиак белгіңіз бұл туралы не дейді?

Сіз қалай ғашық боласыз? Зодиак белгіңіз бұл туралы не дейді?



Тоқты: Тоқты талғамы бар, өзіне сенетін адамдарды ғана ұнатады. Оның ғашығы міндетті түрде оны әлемдегі ең керемет адам деп білуі керек! Себебі ол өзін сондай адам деп санайды.

Торпақ: Ғашық болып қалған торпақ бірден өз сезімдерін айтады. Егер ол адамда оны ұнататын болса, бірден үйлену туралы ойланып кететін жайы бар. Тек қатты асықпауға кеңес береміз.

Егіздер: Құштарлықпен ғашық болып қалған егіздер, келесі күні ғашық екені туралы ұмытып кетуі мүмкін, өкінішке орай. Бірақ шын сүйіп қалса, ол дегеніне жетеді.

Шаян: Шаян ғашық болып қалуы үшін, ғашық болатын адамын біреу немесе одан да көп адам ұнатып жүруі керек. Шаянға жай адамдар ұнамайды, ол тартысқа түсіп, өз адамына қол жеткізгісі келеді.

Арыстан: Ғашық болып қалған арыстан бәріне баруға дайын. Ол ғашығын толықтай өзінікі болғанын қалайды. Бірақ қызғаныш сезімі ода жоқ. Себебі оған ешкім жете алмайтынына сенімді.

Бикеш: Ғашық болып қалған бикеш өзінің сүйгеніне не болса да қол жеткізуге дайын. Бірақ қол жеткізгеннен кейін ол таңдаған адамының кейбір жерлерін өзгеруге қатты тырысады: пікірін, шаш үлгісін, киімін, фигурасын, әдеттерін, сөйлеу мәнерін... Егер де тіптен өзгерте алмаса, ол басқа адамға кетеді...

Таразы: Ол сүйгеніне оңай қол жеткізе ала салмайды. Оған біраз еңбек етуге тура келеді. Бір өкініштісі қол жеткізгеннен кейін ары қарай не істерін білмей қалып жататыны бар. Сондықтан Таразыларға ғашық болғаннан кейін алдағы мақсаттарды ойланып алғаны дұрыс.

Сарышаян: Бұл адамға әрқашан қол жетпейтін адамдар керек. Ол биікке ұмтылады. Бірақ өкініштісі, сондай көрікті, ақылды, барлығына ұнайтын адамға қол жеткізген кезде оған ол адам қызықсыз болып қалады. Ал үйленуге олар әрқашан қарапайым адамдарды таңдайды.

Мерген: Ол өзімен уақыт өткізгісі келетін адамға ғашық болады. Оның таңдаған адамы тек қана сүйгені емес, сонымен қатар досы да бола білуі керек. Себебі ол кеңес бере алатын адамдарды ұнатады.

Тауешкі: Ғашық болған адамына қол жеткізе біледі. Барлығына дайын. Бірақ ол адам оның отбасына міндетті түрде ұнауы керек. Егер ұнамайтын болса, бірден ол адамнан бас тартады.

Суқұйғыш: Бұл жағдайда ол өте талғампаз. Ол таңдаған адамы туралы барлығын біліп алуы керек. Ұзақ ойлануы керек. Біраз қарап жүруі керек. Содан кейін ғана ғашық болуы мүмкін. Бірақ шын ғашық болып қалса, ешқашанда сүйгенінен бас тартпайды.

Балықтар: Балықтар бірінші қадамды жасауға қатты қынжылады. Ол бірінші қадамды басқа адамдардан күтеді. Сондықтан олар көбінесе өзі таңдаған емес, өзін таңдаған адамдарға ғашық болады. Ұнататын адамыңыз балықтар болса батыл болуыңызға тура келеді.
reactor.inform.kz​​​
21 қыркүйек 2018 ж. 3 039 0