Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт бала анасыз қалды: Астанада журналист әйелді өлтіріп кетті

Төрт бала анасыз қалды: Астанада журналист әйелді өлтіріп кетті

Астанада журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Тілшінің кісі қолынан қаза болғанын әріптестері әлеуметтік желі арқылы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Кісі қолынан қаза болған көпбалалы жас ана өз үйінің подъезінде өлтірілген.
Әріптестерінің айтуынша, Бекетова төрт баланы да жазғыз өзі асыраған. Тұңғышы мүгедек, ал үйдің кенжелері үшке де толмапты.
Журналистің қайғылы өліміне қатысты түсініктеме берген Астана полициясы Бекетованың өліміне қатысы бар күдіктінің қолға түскенін хабарлады.
Полицейлер журналистің денсаулығына қасақана зиян келтірді деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғынын қамауға алды.
Stan.kz
25 қыркүйек 2018 ж. 1 240 0