Қазақстанда тағы бір студент аяқ астынан көз жұмды

Ол алдымен студентте суық тию, оның ішінде тұмау белгілері болғанын айта кетті. Қыз үйде емделген, осы аптаның басында жағдайы қанағаттанарлық болған.
Оның иммунитетінің төмендеуіне күйзеліс себеп болуы мүмкін, деп толықтырды Бекшин. Оның айтуынша, қыз ауылға оқуын жалғастырғысы келмегендіктен оралған.
"Қазір зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бес күннен кейін оның нәтижесі бойынша нақты диагнозді береміз. Алдын ала менингит деген болжам жасалып отыр, әзірге расталған жоқ", — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы.
Айта кетейік, 24 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика–математика факультетінің бірінші курс студенті Нұрдос Айтпаев көз жұмған болатын. Өлімге күшті әсер ететін препараттан улану себеп болған.
sputniknews.kz