Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8-14 қазан: бұл аптада өміріңізде не болар екен?

8-14 қазан: бұл аптада өміріңізде не болар екен?

Алдағы өмірімде не болар екен деп ойланасыз ба? Ұзаққа бармай-ақ, алдағы бір аптаны ойлап көріңізші. «Жоспарым орындала ма?» «Қандай жағдай болады?» «Мені не күтіп тұр?» Сұрақ көп... Жауап сенімсіз...Сізде де солай ма? Ендеше, бұл жағдайда астрологтар көмектесе алады.


Тоқты

Бұл аптада арқаңызды кеңге салып, бойыңызды босатып, ойыңызды сергіткіңіз келсе, толықтай мүмкіндік бар. Барлық негізгі шаруаларыңыз шешілген. Кішігірім демалыс не саяхат ұйымдастырып, шығып кетуге әбден болады. Қаржылық жағдайыңыз да әдеттегіден жақсырақ, сондықтан, бұл жағынан да өзіңізге көбірек бостандық бере аласыз.

Сенбі-жексенбі күндері ұсақ-түйек шаруаларды тындыруға, демалыс алдында бітпей қалған істерді аяқтауға оңтайлы. Апта соңында бұл күндерге берген жалпы бағаңыз «жақсы» боларына күмән жоқ.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме екен? Тексеріп көріңіз.

1-7 қазан: астролог өміріңізде орын алатын басты 3 жағдайды айтты

Торпақ

Бұл жетіде шаруалар шаш-етектен болып, әрлі-берлі жүгіріс, шапқылаумен өткізесіз. Күтпеген жағдайлар мен өзгерістер орын алып, аяқ астынан шешім қабылдау қажеттілігі туады. Дегенмен, оның бәрін оңтайлы шешу қолыңыздан келеді.

Астрологтар сейсенбі күні төлем жасау не зат сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді. Бір нәрсені ұмыт қалдырып не шатастыруыңыз мүмкін.

Сенбі-жексенбі күндері кішігірім сапарға не серуенге шығу үшін аса қолайлы.

Егіздер

Жалпы алғанда, Егіздер — тек өз өмірімен әлек болатын, айналада не болып жатқаны қызықтыра бермейтін жан. Алайда, алдағы жетіде бұл әдетіңізді аздап өзгертуге тура келеді. Жақын адамдарыңызға көбірек көңіл бөліп, көмек қажет болса, қол ұшын созуға дайын болыңыз.

Апта басы оқиғалар мен шаруаларға толы болады. Бұл аздап шаршатуы да мүмкін. Егер шешім қабылдауда жеті рет өлшеп, бір рет кесуді, адамдарға кешіріммен қарауды үйренсеңіз, жағдайлар қатты қажытпай, жеңілірек өтеді.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме екен? Тексеріп көріңіз.

1-7 қазан: астролог өміріңізде орын алатын басты 3 жағдайды айтты

Шаян

Қандай да бір қателік жібергеніңізді апта басында-ақ сезесіз. Оның қызметіңізге қатысты болу мүмкіндігі көбірек. Мұны кейінге қалдырмай, тез арада шешу керек.

Сейсенбіде болған әрбір кездесулерге мән беріңіз, олардың бірі кейінгі өміріңізге ықпалын тигізбей қоймайды.

Сенбі мен жексенбіні сөз жүзінде ғана емес, шынайы «демалыс күндеріне» айналдырыңыз.

Арыстан

Бұл аптада жан-дүниеңіз ерекше жайлы күйде. Бойыңыздағы махаббат сезімі қайта жанданып, жаңаруы ғажап емес. Соған байланысты бұл күндері жұмысты екінші орынға ысырып қоясыз. Әрине, сезім мен романтикаға толы сәттер тұрғанда, жұмыс туралы ойлау қызықсыз. Алайда, бұл уақытша құбылыс. Оны кәсібіңізге деген қызығушылықтың сөнуімен шатастыра көрмеңіз, жұмыс ауыстыруға да асықпаңыз.

Көптен күткен қаржы қолыңызға түседі. Оны жұмсауда да асығыстыққа бой алдырмаған жөн. Тым болмағанда демалыс күндеріне дейін шыдаңыз. Басқа күндерге қарағанда, сенбі-жексенбідегі саудаңыз сәтті болады.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме екен? Тексеріп көріңіз.

1-7 қазан: астролог өміріңізде орын алатын басты 3 жағдайды айтты

Бикеш

Апта күндерін үйде кішігірім жөндеу жұмысын жасауға не көшіп-қонуға арнағыңыз келеді. Бар ойыңыз жасалмай қалған үй шаруаларында. Оларды біржақты етпейінше қызметіңізді мүлтіксіз атқара алмайсыз. Сондықтан, қысқа мерзімге демалыс алып, үй шаруасымен айналысқаныңыз жөн болар.

Таразы

Бұл аптада бойыңыз қуат пен жігерге толы. Көптен кейінге шегеріп келе жатқан шаруаларды қолға алсаңыз, еңсеріп-ақ тастайсыз. Маңызды мақсаттар пайда болады. Мақсатқа жету жолындағы шаруаларды да осы аптадан қалдырмай бастаңыз.

Жұлдызжар жеке өмірге келгенде көп жағдайда өзіңізді қолға алып, эмоцияларыңызды ақылмен басқаруға кеңес береді. Әсіресе, сейсенбі және сәрсенбі күндерінде. Олай етпеген жағдайда шектен тыс эмоцияға берілгіштігіңізден жақындарыңыз зиян шегетін болады.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме екен? Тексеріп көріңіз.


1-7 қазан: астролог өміріңізде орын алатын басты 3 жағдайды айтты


Сарышаян

Апта бойы өзгелердің назарында боласыз. Сіз туралы айтылған пікірлер желдей еседі. Оған себеп болатын — осы аптада бәрін таң қалдырарлықтай киім киісіңіз не шаш үлгіңіз болмақ.

Шығындарыңызды жіті бақылауда ұстаңыз. Өйткені, бұл кұндері кез келген дүкен сөрелері сізді ерекше арбайтын болады.

Сейсінбінің кеші қаржылық жағдайыңызды саралап, жаңа табыс көзін іздеуге, инвестиция мен көлемді шығыстарды жоспарлауға өте сәтті болғалы тұр.

Мерген

Бұл күндері өзіңізді дамытуға толықтай беріліп, бар уақытыңызды соған арнайсыз. Жақсы нәтиже де ұзақ күттірмейді, көп ұзамай өзіңіздің қай салада, қандай істе таптырмайтын маман екеніңізді түсінесіз. Жұмысыңыз алға басып, әріптестердің сізге деген сенімі мен құрметі арта түседі.

Әйткенмен, осылай болды екен деп жұмысбасты болып та кетпеңіз. Отбасы мен өмірлік серігіңізге көбірек уақыт бөлуге тырысқан жөн.

Демалыс күндерін жақын достар арасында көңілді өткізесіз.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме екен? Тексеріп көріңіз.

1-7 қазан: астролог өміріңізде орын алатын басты 3 жағдайды айтты

Тауешкі

Апта басынан-ақ өзіңізді шаршаңқы сезінесіз. Бұған өткен сенбі-жексенбіде тиісінше демалмағаныңыз себеп. Соңғы кездері отбасыңызға керек екеніңізді тереңірек сезініп, мойныңызға артылған міндеттер санын арттырдыңыз. Бір ойланып қараңызшы, артылған жүк тым ауыр емес пе? Ол денсаулық пен көңіл-күйіңізге зиянын тигізіп жатқан жоқ па?

Суқұйғыш

Үнемі өміріңізге өзгеріс енгізіп отырғыңыз келеді. Бірқалыпты өмір іш пыстырарлықтай көрінеді. Бірақ, тым көп өзгерістер өзіңізді жоғалтып алуға апарып соғатынын да ұмытпаған жөн. Әсіресе, күздің осы аптасында. Жолыңыздан адасып, өзіңізді жоғалтқыңыз келмесе, әр шешімді асықпай ойланып қабылдаңыз.

Материалдық жағдайға қатысты жолыңыз болады. Бұл күндері қосымша табыс тез әрі оңай келеді. Бірақ, қалай келсе, солай кететіні бар.

Балықтар

Апта күндеріне алдын-ала жоспар құрып әуре болмаңыз. Күтпеген жағдайлар орын алып, жоспардың тас-талқанын шығарады. Сондықтан, күнделікті шарулаармен айналысып қана, жағдайлардың аңысын аңдып жүре тұрыңыз.

Қызметте әріптестермен араңызда түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Әсіресе, сейсенбіде кез келген пікір алмасудың соңы дауласуға апарып соқтыруы ықтимал. Жағдайды түзеткіңіз келсе, кінәні ең алдымен өзіңізден іздеп көріңіз.

Кішігірім сауда-саттық жасауға бейсенбі мен жұма күндері қолайлы. Бұл күндері біршама ақшаңызды үнемдеп қалуға мүмкіндік бар. Ал демалыс күндерін достар арасында өткізсеңіз, естен кетпестей қызықты болады.

Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме екен? Тексеріп көріңіз.

1-7 қазан: астролог өміріңізде орын алатын басты 3 жағдайды айтты
ernur.kz

09 қазан 2018 ж. 1 235 0