Құпияға толы “вампир баланың” денесі табылды

Баланың кімнің денесі екені әзіге белгісіз. Ол Луньяно-ин-Теверина коммунасына жақын жерде балалар денесін көму кезінде табылды. Зират б.з. бірінші ғасырдағы Рим Виллемінің қирандыларынан құрылған.
ДНК текеруі нәтижесінде безгек қоздырғыш Plasmodium falciparum паразитінің ізі табылды. Ол адам өліміне дейін апаратын қатерлі ауру. Ғалымдар қалдықтарды зерттегенде безгектің тағы бір белгісі болып табылатын тіс тіндерінің абсцесстерін байқады.
Ғалымдардың айтуынша, аномалиясы бар балалардың ішінде «Луньянским вампир» ең ересегі.
Мұндай денелерді жерлеу кезінде жергілікті тұрғындар ырымдар жасаған. Залалдан қорғауға және өлгендердің қайта тірілуіне жол бермеу үшін ауыр тастар салып, басы кесілген күшікті құрбан ретінде бірге көмген. Қабірден қарақұйрық пен бөрененің сүйектері де табылды.
«Вампирлер» Италияның өзге де аймақтарынан, Польшадан табылды. Зерттеушілердің айтуынша, адамдар вампирлерден емес, олардың ауру таратуынан қорыққан.