Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйықтап кеткендей болды: Ақтөбеде қайтыс болған 7 жасар қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ұйықтап кеткендей болды: Ақтөбеде қайтыс болған 7 жасар қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтөбеде қапияда 7 жасар қызынан айырылып қалған Динара Баймағанбетова оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Айтуынша, қызы бұрын неврологиялық аурумен ауырмаған және еш жерде тіркеуде тұрмаған екен. Баласынан айырылып қалған ана жедел жәрдемді 49 миунт күткенін айтып жылап отыр.

Ақтөбелік әйелдің сөзінше, 7 жасар Інжудің аяқ астынан ыстығы көтеріліп, алғаш рет талмасы ұстаған. Осы кезде ол бірден жедел жәрдем шақырған. Артынша қызының денесі құрыса бастапты.
«Баланың қызуы көтеріліп тұрғанын айттым. «Мен қорқамын, тез келіңіздерші», – дедім. Олар көлік жоқ болғандықтан, күтуім керектігін айтты. Қайта-қайта қоңырау шалдым. «Парацетамол» беру керектігін айтты. Алайда қызуы 39,6 болып тұрды. Түспей қойды. Артынша денесі құрысып, осылайша 5 минут жалғасты. Сонан кейін ұйықтап кеткендей болды», – дейді марқұмның анасы.
Анасы жедел жәрдемді бірнеше рет шақырғанымен, олар қайтыс болып кеткеннен кейін келген. Баласының өліміне сенбеген Динара оның тірі екенін айтып, көмек беруін сұрапты.
«Мен жалындым. «Менің балама көмектесіңіздерші, ол әлі тірі», – дедім. «Неге осылай баспайсыңдар?» – деп, өзім кеудесін бастым. «Ұстамаңыз, болды. Ол қайтыс болды», –  деді. Дәрігер менен қашып жүр. Біреулерге қоңырау шалып: «Балаларының бәрінде неврология сияқты. Анасы өзі қаратпаған сияқты. Ол өзі кінәлі», – деп орысшалап айтып жатты», – дейді Інжудің анасы Динара Баймағанбеотва.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар қыздың өліміне жедел жәрдемнің кешігіп жетуі себеп болуы мүмкін дейді.
«Біздер алдын ала екі себепті тауып отырмыз. Бірінші себеп, оны біздер адами фактор дейміз. Мына қоңырау алған диспетчер дұрыс жазбаған. Төртінші категорияға, яғни жылдам көмек керек емес категорияға беріп жіберген. Екінші себеп, тағы он минутқа бөгелген. Жедел жәрдем шақырту кезінде анасы Нұрсити 4 деген. Ал ол жақта олардың тұрмайтындығын дәлелдегенде, жедел жәрдем қайтадан Нұрситиде тұратын мекен-жайға барғанын айтамыз», – дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.
Дәрігерлердің болжамынша, 7 жасар қыз тілін жұтып қойып, ауа жетпегеннен көз жұмған.
Бүгінгі таңда аталған оқиғаға қатысты құжаттар прокуратураның тексерілуіне жіберілып, прокуратура бақылауына алынды. Ал денсаулық сақтау министрлігі мән-жайды анықтау үшін тәуелсіз комиссия құрды.
Айта кетейік, Ақтөбеде 7 жаса қыз бала түсініксіз жағдайда көз жұмғанеді. Бұл отбасындағы екінші қайғылы жағдай. Артынша денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің кеш барғанын растады.
Stan.kz
08 қараша 2018 ж. 2 042 0