Жаңғақ, түйреуіш, сақина: Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 1,5 келі түрлі заттар алып шықты

Гуджарат штатындағы Ахмадабад қаласында Сангита есімді әйел ішінінің ауыратынына шағымданып, ауруханаға барған. Оны қараған хирург Нитин Пармар пациенттің асқазаны «қап-қатты» болғанын айтты.
Артынша 40 жастағы әйел ренгтген тексеруіне жіберілді. Ол пациенттің асқазанында металл ілгек, шаш қыстырғыш, мыс сақина, ағылшын түйреуіші тәрізді көптеген бөгде зат жатқанын көрсетті. Тіпті, Сангитаның өкпесін тесіп шыққан түйреуіш асқазанына тіреліп қалған.
Хирург әйелді бірден ота жасатуға жіберді. Дәрігерлер оның асқазанындағы заттарды алып шығу үшін шамамен 3 сағат ота жасады. Отадан кейін дәрігерлер Сангитаның туыстарын іздестірген, алайда таба алмапты. Бүгінгі таңда әйел дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты.
