Ер адамның аузында пайда болған ісік үлкендігі адамның басындай болып өсіп кеткен

30 жастағы Леонардо Мористің пікірінше, мұндай ісіктің пайда болуына жасөспірім кезінде баскетбол ойнап жүріп алған жарақаты себеп болған. Сол жағдайдан кейін жағы ауырып, ісіне бастапты.
«Қашан басылады екен деп күтіп жүрдім. Алайда ісік өсе берді», – дейді ол.
Одан кейін жас жігіттің тісі қақсағандай болып, бірнеше күн ацырған. Морис 23 жаста болғанда оның астыңғы жағында амелобластома пайда болыпты. Ол уақыт өте келе өсіп, ер адамның тамақтануына кедергі келтіре бастайды. Ендігі Морис тек сорпа, жеміс шырыны мен су ішіп жүр.
