Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗОДИАК БЕЛГІСІ БОЙЫНША АДАМ МІНЕЗІНІҢ "+" ЖӘНЕ "-" ЖАҚТАРЫ

ЗОДИАК БЕЛГІСІ БОЙЫНША АДАМ МІНЕЗІНІҢ "+" ЖӘНЕ "-" ЖАҚТАРЫ

ТОҚТЫ:
+ тез тіл табыса білу; шыншыл; батыл; сезімтал; белсенді; қайсар; тәуекелшіл.
- қызба; асығыс шешім қабылдайды; шағымданғыш;; тәкаппар; мақтаншақ; дөрекі; шыдамсыз: қызғаншақ. 

ТОРПАҚ:
+ тиянақты; тұрақты; әділ; еңбексүйгіш; жауапты; қонақжай; діттеген мақсатына жетпей тоқтамайды;
- айтқанынан қайтпайды; қызғаншақ; жайбасар; сараң; өзін-өзі тым қатты жақсы көреді; көрсеқызар; қорқақ. 

ЕГІЗДЕР:
+ көпшіл; алғыр; жаңаны үйренуге қабілетті; рухани бай; сергек; ақылды; ойы ұшқыр; қуатты.
- өзгенің пікіріне көп алаңдайды; екіжүзді; ашушаң; мылжың; тұрақсыз. 

ШАЯН 
+ сенімді дос; көпшіл; талантты; кең пейліді; сыпайы; отбасына адал; қамқор; мейірімді;
- уайымшыл; жасқаншақ; қазымыр; өкпелегіш; жалқаулау; өгермелі көңіл күй; сынды көтере алмайды; түймедейді түйедей етіп көру.

АРЫСТАН + мақсатшыл; әділ; кеңпейіл; батыл, батыр; жомарт; қиын жағдайлардан жылдам шыға біледі; адам жанын жақсы түсінеді. - бірбеткей; азарттық ойындарға құмар; өзіне тым сенімді; қатал; қыңыр, қырсық; мақтаншақ; енжар; айтқанға көнуі қиын. 

БИКЕШ 
+ ұқыпты; интеллектуалды; кез келген нәрсеге сараптама жасай алады; тәртіптің құлы; жаңаға құштар; қырағы; еңбекқор; жақсы кеңесші.
- тез ренжиді; міншіл; сезімге салқын, суық; қызғаншақ; айналасына тым талапшыл; күш-қуатты сарқа жұмсайды. 

ТАРАЗЫ
+ ұстамды; шыншыл; кез келген ортаға жылдам бейімделе алады; жауапкершілігі мол; әсемдікке құштар; креативті; мәселені бейбіт жолмен шеше біледі; дипломатиялық қабілетті; татулықты сүйеді
- өзінен бұрын, өзгені сендіруге ұмтылу; айналасындағылардың пікіріне көп ереді; өзгенің қолдауына зәру; өзіне сенімсіз; өзгеге тәуелді; байлыққа құмар; беймаза, күйгелек; қанағатсыздық; тез жалығады. 

САРЫШАЯН 
+ белсенді; жауапкершілігі мол; мақсатшыл; сенімді дос; әзілқой; есепке жүйрік; табанды; шыдамды
- билікке құмар; эгоист; өзгені мұқатуға шебер; кекшіл; күмәншіл; іштарлық бар; қу, айлакер. 

МЕРГЕН
+ батыл; жолы болғыш; барлық адамға ұнайды; мейірімді; өзгеге көмектескенді ұнатады; оны алдау қиын; оптимист; жомарт; адал
- тік, бірбеткей; ренішті ұмытпайды; эгоист; маңызды мәселелерге атүсті қарайды; азарттық ойындарға құмар; қызба; тәртіпке бағынбайды. 

ТАУЕШКІ 
+ мақсатына жетпей қоймайды; турашыл; көшбасшы; өзін-өзі аямай еңбек етеді; шыдамды; табанды; әр күнін жоспарлайды; тәртіпті
- өзімшіл; пессимист; арсыздау; өзгерістен қорқады; ешкімге сенбейді; сараң; қырсық. 

СУҚҰЙҒЫШ 
+ адамды тану қабілеті жетілген; жаңашыл; мейірімді; әзілқой; ақылды;
- тым эмоционалды; тәкаппар; құбылмалы; өте салқын.

БАЛЫҚТАР
+ дарынды; әртістік қабілеті мол; жомарт; мейірімді; қайырымды; түсінігі мол; тапқыр; шешен; ойлау қабілеті кең.
- көңіл күйіне тәуелді; күмәншіл; қызғаншақ; епсіз; жалқау; күйгелек; аңғал, аңқау.
reactor.inform.kz
08 қаңтар 2019 ж. 2 482 0