Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қате жіберілген сан екі жастың үйлену тойына ұласты

Қате жіберілген сан екі жастың үйлену тойына ұласты

Автокөліктерді сатумен айналысатын Ұлыбританиялық менеджер Майкл Эванджело жұмыс жайлы ақпаратты whatsapp арқылы өзге нөмірге қателесіп жіберген. Аз уақыттан соң қателескен  нөмірден жауап келіп, белгісіз жанмен хат хабар алмасу 2 аптадан соң тойға ұласты», — деп хабарлайды rambler.ru.
Кенеттен whatsapp арқылы танысу Майкл Эванджелоның нөмірді қате терумен басталған. Басты кейіпкер «Улетные девочки» фильмін атын есте сақтау үшін өз телефон нөмерін жылдам теріп whatsapp арқылы жібереді. Алайда, аз уақыттан соң әлгі жазған нөмірден жас қыздан «Бұл кім?» деген жауап келеді. Алғашқыда мұның жәй ойын деп түсінген Эванджело сөйлесе келе аяқ астынан танысу мен тағдырдың сыйы деп түсінген. Хат алмасқан екі жас, кездесіп, екі аптадан соң үйленген. Эванджелоның айтуынша, бұл оқиға миға кіріп шықпайды. Бірақ, бастысы екі жастың үйленуіне ата-аналары қолдау көрсетуде.
247media.kz
20 ақпан 2019 ж. 1 096 0