Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды

Қызылорда облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
«Полиция қызметкерлері жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қатысушылар жеткізіліп, тергеу жүргізілуде. Медициналық мекемеге жүгінгендер болған жоқ», – деп атап өтті департаменттен.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: nege.kz