5 жасар баланы құтқарған оқушыға 1 миллион теңге берілді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ақан Әлімжановпен және оның отбасымен кездесіп, қайғылы жағдайдың алдын алғаны үшін алғыс білдірді.«Ақанға планшет пен 1 миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ, болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз», – деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасында.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: ашық дереккөз










