Қызылордада екі оқушы суға батып кетті
Қызылордада Сырдария өзеніне шомылуға барған екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы жағдай қала іргесіндегі «Ягодка» саяжайының маңында болған.
«9 сынып оқушылары Сырдарияның шомылуға қауіпті және тыйым салынған аумағына түскен. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 3 метр тереңдіктен 2008 және 2009 жылғы екі баланың мәйітін алып шықты. Соңғы 5 айда аймақтағы су айдындарында 8 қайғылы жағдай тіркелгенін айта кету керек», делінген хабарламада.
Одан бөлек Шығыс Қазақстан облысында қараусыз қалған тағы бір бала өзенге батып кетті. Ал Қарағанды облысында жоғалған балықшылардың бірінің денесі табылды, екіншісі іздестіріліп жатыр.
Сурет: ашық дереккөзден