Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларына 5 жұмыртқа ұрлап алған әйелге офицер күтпеген әрекет жасады

Балаларына 5 жұмыртқа ұрлап алған әйелге офицер күтпеген әрекет жасады

Қаражаттың жетіспеушілігінен адамдар түрлі іс-әрекетке барады. Сол секілді АҚШ-та бір әйел балаларының аш отырғанына шыдай алмай дүкеннен 5 жұмыртқаны ұрлап алады, алайда дүкеннен көп ұзамай-ақ қолға түседі. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Wake up your mind басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына дереу келіп жеткен офицер Уильям Стейси әйелдің оқиғасын тыңдап болып, оны тұтқындаудың орнына көмектесуді ұйғарыпты.

Миссис Джонсон екі қызы, екі жиені мен 1 және 3 жастағы екі немересін бағып отыр және ол айына 120 доллар ғана алады екен. Өткен аптада оны қарақшылар тонап кетіп, өздері аш қалған. Сенбі күні нәр татпағандарына екі күн болғандықтан қолындағы бар ақшасы – 1,25 доллармен жақын маңдағы супермаркетке барып, жұмыртқа сатып алмақ болған.

Алайда жұмыртқаға ақшасы жетпегендіктен бесеуін қалтасына салып алып ұрлап алуды ойлаған. Бірден қолға түсіп, салдарынан жұмыртқаларды да жарып алған Джонсон: «Мен әккі ұры емес екенмін...» деп айтыпты.

Дүкеннің қызметкерлері полиция шақырып, істің мән-жайын анықтауды талап етіпті. Офицер Уильям миссис Джонсонның қазір қандай жағдайда отырғанын естіп, оны тұтқындаудан бас тартып, үйіне жіберген.

Кейіннен офицер ол әйелдің үйіне келіп көрмек болған. Бұл отбасының әлеуметтік жағдайы қаншалықты нашар екендігін көрген офицер оған бір қорап жұмыртқа алып беріпті. Ертесіне өзге әріптестерімен бірлесіп Джонсонның отбасына біраз уақытқа дейін жететін азық-түлік әкеоіп берген.
www.qamshy.kz

07 наурыз 2019 ж. 922 0