Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада екі жасөспірім қыз көше шамдарын қасақана сындырған

Қызылордада екі жасөспірім қыз көше шамдарын қасақана сындырған

12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды
Қызылордада екі жасөспірім қыз көше шамдарын қасақана сындырған

Қызылордада полиция қызметкерлері көше шамдарын сындырған екі жасөспірім қызды ұстады. Бұзақы жастардың әрекеті сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының инспекторлары көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберді.

"12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады", делінген полиция хабарламасында.

Сурет: 
kaz.zakon.kz
20 қыркүйек 2024 ж. 18 0