Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғашықтар бейіт басында өздеріне қол салған

Ғашықтар бейіт басында өздеріне қол салған

Қарақалпақстанда 21 жастағы бойжеткен мен 24 жастағы жігіт бейіт басында бір-біріне пышақ тыққан. Қыз сол жерде жан тапсырса, жігіт тірі қалған. “Махаббат отынан” тұтанған қанды оқиға 1 наурызда орын алған. Ол жайында тек 25 наурызда белгілі болған.

“Бойжеткен 24 жастағы жігітпен үш жыл көлемінде кездесіп тұрған. Жігіт оған сырға сыйлаған. Қос ғашық үйленуге серт берген. Бірақ бұл қызға көрші ауылдың бір бозбаласы да ғашық болған екен. Ақпан айының басында ол қызды күштеп көлігіне отырғызып, алып ашып, үйленіп алған. Бойжеткен Нүкісте оқыған. Бір күні оқуына кеттім деген қыз сүйген жігітімен бірге қашып кеткен. Екі жас базарға барып, өткір пышақ сатып алып, бейітке қарай беттеген. Онда қос ғашық бір-біріне пышақ сұққан. Осыдан кейін жігіт бірден ағасына звондаған, – дейді оқиғадан хабардар дереккөз.

Қыз сол жерде жан тапсырған, жігіт ауруханаға жеткізілген. Ауруханадан шыққан жігіт бірден қамауға алынған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
www.qazbrand.info
27 наурыз 2019 ж. 1 213 0