Опера әншісі Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды

Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында "Жеке ән айту" мамандығы бойынша білім алды. "Астана Опера" театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.