Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлан Қарин Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Ерлан Қарин Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Енді Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.
"Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.
Ерлан Қарин 2019 жылдың сәуір айында Президенттің кеңесшісі болып тағайындалған.
Ол 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.
1997 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген.
Саяси ғылымдарының кандидаты.
1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.
1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.
2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
2003-2004 жылдары – Республикалық "Асар" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры.
2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.
2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2008 жылғы ақпан-қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2008-2013 жылдары – "Нұр Отан" ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы.
2013-2014 жылдары – Вашингтон Университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2017-2019 жылдары – "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2019 жылғы 5 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
"Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 25 жыл", Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталған.
kaz.tengrinews​​​
30 шілде 2020 ж. 876 0