Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақордада кадрлық ауыс-түйіс болды

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс болды

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында. 
Сонымен қатар, Аида Ғалымқызы Балаева ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, ҚР Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
"Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
https://baq.kz
22 шілде 2019 ж. 798 0