Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын»,- делінген Жарлықтың мәтінінде.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.