Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қорының директоры болып тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 24 наурыз күні Әсет Исекешев президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Ол 2018 жылдың 10 наурызында президент әкімшілігінің бастығы болып бекітілді. Бұл қызметіне дейін қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болды.