Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жұмыссыздарға жылдың соңына дейін жұмыс тауып береміз» – Үкімет басшысы

«Жұмыссыздарға жылдың соңына дейін жұмыс тауып береміз» – Үкімет басшысы

Үкімет отырысында жұмыспен қамту шараларын талқылау кезінде Премьер-министр Асқар Мамин биыл 1 млн 220 адамға қолдау көрсетілетінін айтты.
Бір күнде 200 мың қызметкер жұмысқа шықты
«Халықтың тауық болмаса, балық сатып алатын жағдайы жоқ» – министр маңызды мәселені айтты
Министр жұмысына қайта кіріскен кәсіпкерлерге ескерту жасады
«Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын, Жұмыспен қамтудың жол картасын және басқа да салалық бағдарламалдардың аясында жұмыспен қамту шаралары 743 мың адамды қамтыды. Жылдың соңына дейін 1 млн 220 адамға қолдау көрсетілетін болады», – деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі белгіленді. Осы жобалар аяқталған соң, аралас салаларда қосымша 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.
aikyn.kz
18 тамыз 2020 ж. 536 0