Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин жағдай қиындағанымен, зейнетақы мен жәрдемақы уақытында берілетінін айтты

Мамин жағдай қиындағанымен, зейнетақы мен жәрдемақы уақытында берілетінін айтты

Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин теңге құнсызданғанына қарамастан, зейнетақы мен жәрдемақы уақытында берілетінін жеткізді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдердің толық көлемде және уақытылы төленуін қамтамасыз етсін. Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеу қажет. Осы ретте жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында инфрақұрылым жобаларын іске асыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын күшейту керек, - деді Асқар Мамин.
Ол еңбек министрлігі әкімдіктермен бірге азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы мен халықты жұмыспен қамту маңызды екенін айтты.
Біздің ортақ міндетіміз - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығы орындалады. Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы уақытында әрі толық көлемде төленетін болады, - деді Үкімет басшысы.
https://baq.kz/​​​
12 наурыз 2020 ж. 837 0