Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев пен Назарбаев дағдарыстан кейінгі елдің даму мәселесін талқылады

Тоқаев пен Назарбаев дағдарыстан кейінгі елдің даму мәселесін талқылады

Бұл ақпаратты Елбасының баспасөз хатшысы желіде жариялады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесті, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы, Айдос Үкібайдың желідегі жазбасына сілтеме жасап.
Экс-президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, олар маңызды мәселені талқылаған.
«Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының алдағы отырысының күн тәртібін және партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарына назар аударды. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президенті мен мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

28 тамыз 2020 ж. 520 0