Назарбаев өткізетін үлкен жиынның уақыты белгілі болды

"Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Партияның негізгі міндеттері талқыланады", - деді Айдос Үкібай.
Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс пен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.