Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан НазарбаевНазарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді

Нұрсұлтан НазарбаевНазарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді

Қазақстанның Тұңғыш президенті Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесін иеленді Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болды. sputniknews.kz
"Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, 28 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барды. Кездесу осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Алғашқысы былтыр 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді.


29 қараша 2019 ж. 736 0