Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасыға жаңа атақ берілді

Елбасыға жаңа атақ берілді

 Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа атақ берілді. Ол Жапониядағы Цукуба университетінің Құрметті докторы атанды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. «Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы берілді», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.

  Цукуба университеті Жапонияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ондығына кіреді. Университет тарихы 140 жылдан асады. Сонымен қатар Нобель сыйлығын иеленген Синъитиро Томонаги (физика, 1965), Лео Эсаки (физика, 1973) және Хидэки Сиракавы (химия, 2000) тәрізді ғалымдардың есімі осы оқу орнымен байланысты. 
23 қазан 2019 ж. 658 0