Сайлау- 2021: Үш партия Мәжілісте қанша мандат алды

ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді:
«Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына – 10 мандат.
Еске салайық, сайлауда Қазақстан Халық партиясы 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған еді. Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын.
inform.kz