Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасының атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Ахметжан Есімов Президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.
30 наурыз 2021 ж. 515 0