AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1650535058_1.jpg)
Бұл туралы AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.
«Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.
Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда», деп жазды Асхат Оралов әлеуметтік желіде.