Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Amanat» партиясының өңірлердегі жұмысы күшейтіледі

«Amanat» партиясының өңірлердегі жұмысы күшейтіледі

Бұл туралы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін еліміздің Президенті, «Amanat» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа партияны жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша мәлімет, ақпарат бердік. Ең алдымен «Amanat» партиясының кезектен тыс съезінде берген тапсырмаларының орындалуы бойынша толық ақпарат жетікізілді. Әсіресе, осы бір айдың төңірегінде «Amanat» партиясының орталық аппараты Қазақстанның төрт аймағына шығып, белсенді партия мүшелерімен, бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесті. Сол кездесулерде көтерілген мәселелерді бүгін партия төрағасына жеткіздік», деді Асхат Оралов Ақорда баспасөз қызметінің Telegram-ында жарияланған видеода.
Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының партияның кезектен тыс съезінде берген тапсырмаларын сапалы орындау мақсатында «Talqylau» сұхбат алаңы іске қосылды.
«Көптеген іс-шараларымыз ең алдымен аймақтарда өтеді деп жоспарладық. Әсіресе, облыстардағы, қалалардағы, аудандардағы филиалдарымыздың белсенділігін арттырамыз деп көздеп отырмыз. Қоғамдық кеңестер бойынша да жұмыстар атқарылатын болады. Ең алдымен олардың саны 1700-ден 1 мыңға қысқартылды. Қысқарту тек орталық аппаратта ғана емес облыстарда 12-ден 8-ге, аудандарда 9-дан 5-ке қысқарады. Бұл жергілікті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, жұмысты сапалы орындау мақсатында қабылданып жатқан шешімдер деп ойлауға болады», деді партияның атқарушы хатшысы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдаған еді.
20 сәуір 2022 ж. 674 0